OSI үлгісінің деңгейлері.




OSI үлгісінің деңгейлері:
Физикалық деңгей (Physical Layer).
Бірінші физикалық деңгей (Physial) OSI үлгісінің ең төменгі деңгейі. Бұл деңгей құрылымдық емес деректерді, биттердің ағындарын физикалық орта арқылы ( мысалы, желілік кабель) жібереді. Мұнда интерфейспен кабель арқылы электрлік, оптикалық, механикалық және функционалдық байланыс орнатылады. Физикалық деңгей өзінен жоғары жатқан барлық деңгейлерден түсетін деректерді тасымалдайтын сигналдарды құрады. Бұл деңгейде желілік кабель арқылы деректерді жіберу тәсілі анықталады. Физикалық деңгей бір компьютерден екіншісіне биттерді жіберуге арналған. Биттердің мазмұнының бұл деңгейге қатысты жоқ. Бұл деңгей деректерді кодтауға, биттерді синхроизациялауға жауап береді. Физикалық деңгей желілік кабель арқылы жіберілетін әрбір биттің ұзақтығын және оның сәйкес электрлік немесе оптикалық импульсқа көшірілуін орнатады. Бұл деңгейде сонымен қатар разъемдердің типтері анықталып, әрбір қосылыс тағайындалады.
Арналық деңгей (Data Link Layer).
Физикалық деңгейде тек биттер тасымалданады. Байланыс арналары бірнеше өзара әрекеттесетін компьютерлермен бөлініп пайдаланылатын кейбір желілерде физикалық беріліс ортасы бос болмауы мүмкін екендігі есепке алынбай қалады. Сондықтан да арналық деңгейдің мақсаттарының бірі ортаның бостығын анықтау болып табылады. Ол үшін арналық деңгейде биттер кадрлар деп аталатын топтарға бірітіріледі. Арналық деңгей кадрларды (frames) желілік деңгейден физикалы деңгейге жібереді. Кадрлар деректерді орналастыруға арналған логикалық ұйымдсқан құылым. Жіберуші компьютердің арналық деңгейі физикалық деңгейден түскен биттердің ағымын деректердің кадрларына біріктіреді. Арналық деңгей физикалық деңгейдің көмегімен кадрлардың дәл жеткізілуін қамтамассыз етеді. Бұл желілік деңгейге деректерді жіберуді желілік бірігу арқылы қатесіз оқуға мүмкіндік жасайды. Көбінесе, арналық деңгей кадрларды жіберген кезде қабылдаушы жағынан оның алынғанын растауын күтеді. Қабылдаушының арнаьық деңгейі мүмкін қателерді тексереді. Жіберу барысында бұзылған немесе оларды қабылдаған жайлы хабарлама түспеген кадрлар қайта жіберіледі. Дегенмен, кез-келген топологиялы және технологиялы желілерде хабарламаларды сапалы тасымалдау үшін арналық деңгейдің функциясы жеткіліксіз, сондықтан да OSI үлгісінде бұл тапсырма келесі екі- желілік және транспорттық деңгейлерге жүктеледі.
Желілік деңгей (Network layes).
Үшінші желілік деңгей хабарламаларды адрестеуге және логикалық адрестер мен атауларды физикалық адрестерге алмастырумен айналысады. Нақты желілік шарттарға, қызметтер үстемдігіне және басқа факторларға байланысты жіберуші мен қабылдаушы компьютерлер арасындағы бағыт анықталады. Пакеттерді коммутациялау, бағыттау, шектеу сияқты желілік трафикке байланысты туатын проблеммалар да осы деңгейде шешіледі. Егер бағыттаушының желілік адаптері деркетердің үлкен бөліктерін жібере алмаса, желілік деңгейде ол бөліктер бөлшектенеді. Ал қабылдаушы компьютердің желілік деңгейі оларды қинап, алғашқы қалпына келтіреді. Желілік деңгейдегі хабарламалар пакеттер дап аталады.
Транспорттық деңгей (Traspot lsyer).
Жіберушіден қабылдаушыға барар жолда паетер өгеріске ұшырауы типті жоғалып кетуімүмкін. Транспорттық деңгей пакеттердің өз адресатына тізбектей, жоғалмай, қайталанбай, қатесіз жетуін қамтамассыз етеді. Бұл деңгейде ұзын хабарламалар бірнеше пакеттерде бөлінеді де, қысқалары бір пакетке біріктіріледі. Бұл пакеттердің желі бойынша тиімді жібеілуіне жол ашады. Қабылдаушы компьютердің транспорттық деңгейінде хабарламалар ашылып, алғашқы қалпына келеді де олардың дұрыс жеткендігі жайлы сигналдар жіберіледі. Транспорттық деңгей ағындарды басқарады, қателерді тексереді, пакеттерді жіберу мен қабылдауда туатын пробламмаларды шешумен айналысады.
Сеанстық деңгей ( Session layer).
Бесінші деңгей әртүрлі компьютерлердегі екі қосымша үшін сеанс деп аталатын қосылысты құрады, пайдаланады және біріктіруді аяқтайды. Бұл деңгейде желідегі еекі қосымша арасында байланысқа қажетті атауларды түсіну және қорғау орындалады. Осы деңгейде қолданушылар тапсырмаларын деректер ағындарының арасына бақылаушы нүктелер деп аталатын нүктелерді қою арқылы синхронизациялау жүзеге асырылады. Сонымен, желілік қателік туған жағдайда , соңғы бақылау нүктесінен кейін орналасқан деректерді ғана қайталап жіберу қажет болады. Бұл деңгейде өзара әсерлесетін процестер арасында диалоогты басқару , яғни, жіберу қай жақтан орындалып жатқандығы, қашан және қанша уақытқа созылатындығын анықтауға жүзеге асырылады.
Көрсету деңгейі (Presentation layer).
Алғашқы көрсету деңгейі желілік компьютерлер арасында деректер алмасуға қолданылатын форматтарды анықтайды. Бұл деңгейді аудармашы десек те болады. Жіберуші компьютердегі қолданбалы деңгейден түскен деректер бұл қадамда жалпыға бірдей аралық формат түрінде көшеді. Қабылдаушы компьютердегі сәйкес деңгейде ол деректер аралық форматтан сол компьютердің қолданбалы деңгейінде пайдаланатын формат түрінде көшіріледі. Көрсету деңгейі хаттамаларды түрлендіруге, деркетерді таратуға, оларды шифрлеуге, қолданылатын символдар тобын ауыстыруға немесе өзгертуге графикалық бұйрықтарды кеңейтуге қатысады. Көрсету деңгейі, сонымен қатар, жіберілетін биттер санын азайту үшін деректерді сығуға да қатысады. Бұл деңгейде редиректор деп аталатын утилита жұмыс істейді. Оның қызметі енгізу-қорытындылау амалдарын сервердің ресурстарына бағытталған.
Қолданбалы деңгей (Applikaton layer ).
Жетінші OSI үлгісінің ең жоғарғы деңгейі. ол қолданбалы процестердің желілік ресуртарға енуіне арналған терезенің ролін атқарады. Бұл деңгей қолданушы қосымшаларын тікелей қолдайды және файлдарды жіберуші программалық жабдықтау, мәліметтер қорларын пайдалану, электрондық пошта, гипермәтін Web-беттер сияқты қызмет түрлерін көрсетеді. Төменде орналасқан деңгейлер қолданбалы деңгейде орналасатын тапсырмаларды қабылдайды. Қолданбалы деңгей желіге жалпы енуді, деректер ағындарын, қателерді өңдеуді басқарады. Қолданбалы деңгейдегі өңдеуді басқарады. Қолданбалы деңгейдегі деректер бірліктері әдетте хабарламалар деп аталады.